18:00-дегі жағдай. Сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 18:18
1921
Бөлісу:
18:00-дегі жағдай. Сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың  айтуынша, 10 қаңтар сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 58,2% алды, - деді ол.

дауыл.jpg


Олардың ішінде:


Ақмола облысы бойынша – 65,1, %
Ақтөбе облысы бойынша – 52,4 %
Алматы облысы бойынша – 66,5 %
Атырау облысы бойынша – 51,1 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 57,7 %
Жамбыл облысы бойынша – 68,3 %
Қарағанды облысы бойынша – 65,2 %
Қостанай облысы бойынша – 69,1 %
Қызылорда облысы бойынша – 67,9 %
Маңғыстау облысы бойынша – 49,1 %
Павлодар облысы бойынша – 64,5 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 69,8 %
Түркістан облысы бойынша – 59,9 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 67,2 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 44 %
Алматы қаласы бойынша – 27,7 %
Шымкент қаласы бойынша – 53,2 %.

1800.jpg

 

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ұсынылатын болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берген болатын.



Өзгелердің жаңалығы