12 желтоқсанға арналған ауа райы

12 Желтоқсан 2020, 03:27
1701
Бөлісу:
12 желтоқсанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман болады. Таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы