Грузияда жаңа парламент жұмысқа кірісті

12 Желтоқсан 2020, 02:41
1677
Бөлісу:
Грузияда жаңа парламент жұмысқа кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия Үкіметі жаңа парламенттің жұмысқа кірісуіне байланысты отставкаға кетті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне ел үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Бұдан былай премьер және оның барлық кабинеті өз міндетін уақытша атқарушы болып табылады, - деді баспасөз қызметінің өкілі. 

Конституцияға сәйкес, Грузия парламентінде жаңа үкіметті жасақтауға екі апта уақыт бар. Егер бұл жасалмаса, ел президенті заң шығарушы органды тарқатып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын белгілейді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, билік басындағы «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясы министрлер кабинетін 2019 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келген Георгий Гахарияны премьер-министр лауазымына қайта ұсынбақ.

Өзгелердің жаңалығы