Мысырмен туризм саласын дамытамыз - министр

4 Маусым 2023, 18:22
812
Бөлісу:
Мысырмен туризм саласын дамытамыз - министр
Фото: автордан

Каирдегі Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылу рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі Каирден.

Бүгін тарихи күн! Мысыр елінде еліміздің қолдауымен Сұлтан Бейбарыс бабамызға арналған мешіт ашылды. Бұл еліміздің де, әлемнің де тарихындағы елеулі оқиға деп айтуға болады. Сонымен бірге бүгін Мысырда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Оның ішінде қолөнершілердің көрмесі және гала-концерт пен халықаралық конференция өтеді, – деді Асхат Оралов.

Ораловтың айтуынша, мешіттің ашылуы - бабаларымызды ұлықтауға арналған қадамның бірі.

Елорданың көшесінің біріне Сұлтан Бейбарыстың есімі берілді. Бірқатар ресми іс-шара өтіп жатыр. Жалпы, бабамыздың 800 жылдығына орай әртүрлі форматта ел көлемінде және халықаралық деңгейде 600-ден астам іс-шара өткізіледі, – деді ведомство басшысы.

Ол екі ел арасында Үкіметаралық комиссия жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Еліміздегі Мысыр елшісімен кездесіп, бірнеше келісімге қол жеткіздік. Соның бірі Астана да көрме өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл қарашада Мысыр елінің үкімет мүшелері Қазақстанға келеді. Біз бұдан әрі бастаған ісімізді жалғастыратын боламыз. Екі ел өкілдері мәдениет, өнер, спорт және туризм саласын дамытамыз деп жоспарлап отыр, – деді Оралов.

Бүгін аумағы 10 мың шаршы метрден асатын Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітнің ашылуы өтетінін хабарлаған болатынбыз. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітінің ашылу салтанатына барған болатын. Әшімбаев Қазақстан мен Мысырды не байланыстыратынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы