Әшімбаев Қазақстан мен Мысырды не байланыстыратынын айтты

4 Маусым 2023, 17:18
1139
Бөлісу:
Әшімбаев Қазақстан мен Мысырды не байланыстыратынын айтты
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Мысыр Араб Республикасымен байланыс жаңа деңгейде дамыды. Бұл жайында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі Каирден.

Осы жылдарда өзара ынтымақтастықты нығайту жолында түрлі салада ауқымды жұмыс істелді. Әсіресе, мәдени-рухани бағытта бірқатар бірлескен жобаны сәтті іске асырдық. Соның жарқын бір мысалы ретінде Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетін айтуға болады. Бейбарыс сұлтан мешітінің қайта қалпына келтірілуі де осындай бірлескен жұмыстың игі нәтижесі екені сөзсіз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Египет Президенті Абдул-Фаттах Ас-Сиси мешіттің жөнделуіне ерекше көңіл бөліп, үлкен қолдау көрсетті. Алдағы уақытта бұл орын біздің халықтарымыздың арасындағы алтын көпір болады деп сенеміз, – деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Әл-Азһардың жоғары имамы, шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті.

Кездесуде тараптар конфессияаралық диалогты дамытудың маңызды мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Палата Спикері Қазақстан мен Әл-Азһарды ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан қарым-қатынас пен әлемде бейбітшілікті дәріптеу жолындағы ортақ идеялар байланыстыратынын айтты. 

Әл-Азһар әлемнің рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Сіз бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған жаһандық деңгейдегі бастамаларға белсенді қатысып келесіз. Осы ретте Қазақстан дінаралық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріп отыр. Сіздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің мъезіне қатысуыңыз біз үшін үлкен қолдау болды. Аталған форумның қорытындысы бойынша Декларация қабылданғаны белгілі. Бүгінде сол құжаттағы идеяларды іске асырып, дәріптеу үшін тиісті жұмыс істеліп жатыр, – деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы