Министр Цой күзде эпиджағдайдың қалай болуы мүмкін екендігін айтты

24 Тамыз 2021, 10:14
6456
Бөлісу:
Министр Цой күзде эпиджағдайдың қалай болуы мүмкін екендігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, министрлік қараша айына дейін коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға жасаған болжамды жаңартқан көрінеді.

Сонымен, пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында індет жұқтырудың тіркелген жағдайдың орташа тәуліктік мөлшері 6300-ге дейінгі жағдайды, қазан айында 2400-ге дейінгі жағдайды құрайды. Реалистік сценарийге сәйкес, қыркүйекте 5300-ге дейін, қазанда 1800-ге дейінгі жағдай тіркеледі. Ал оптимистік сценарий бойынша қыркүйекте 4200 жағдайға дейін, ал қазанда тәулігіне 1300 жағдайға дейін анықталуы мүмкін, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Бүгінгі таңда екпенің І компонентін 6,4 млн адам салдырды. 

Бұл екпе алуы тиіс халықтың 64%-ын құрайды. Ал 5 млн-нан астам адам екпенің екінші компонентімен қамтылған. Осылайша, тиісті халықтың 50%-ы вакцинаның екінші дозасын салдырды, - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, вакцина салдыру бойынша 9 аймақ алда келеді. Атап айтатын болсақ: Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Атырау облыстары.

Ал вакцинацияның бірінші компонентімен ең аз қамтылған аймақ – Маңғыстау облысы екені анықталды. Онда көрсеткіші тиісті халықтың 38%-ына тең.

Еске сала кетейік, бұған дейін індет жұқтырғандардың арасында реанимацияға кімдердің жиі түсетіндігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы