Бірі жұмысқа, бірі сабаққа, енді бірі сәбиін жетектеп балабақшаға асыққан ерсілі-қарсылы қозғалыс. Осындай қапылыста кейде тап-таза көшемен кетіп бара жатқанымызды байқай бермейтініміз рас. Бұл – бәрінен де ерте тұратын, көзге көп түсе бермейтін еңбеккерлердің сиқыры. Олар кімдер? Олар – «Астана тазалық» серіктестігінің мамандары.