Пойыз, вагон, шойын жолдар – бір сөзбен теміржол саласы.
Бұл салада еңбек ететін мамандарды да бір сөзбен теміржолшы деп айтамыз. Ал бірақ, бұл атаудың артында бірнеше мамандық иесі тұр. Олардың қатарында машинист, жолшы, жолсерік сияқты жұмысшылар, инженер, диспетчер, станция, вокзал мен бөлімшелер бастығы сияқты қызметкерлер бар. Бірі қара күшті қажет ететін жағында, енді бірі зерделі зейін мен жедел әрекетті талап ететін сатыларында жұмыс істейді. Қызметтің бір парасы техникалық терең біліммен атқарылады.