Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына дайындық үшін бір баласына қанша қаражат жұмсағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өз мәселеме келер болсақ, осы демалыста баламды ертіп дүкенге бардым. Дүкеннен мектеп формасын сатып алдым. Ол жерде бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. 35 мың теңгеге жуық ақша кетті. Костюмі мен шалбарын және көйлегін алдым. GLASMAN деген дүкен бар. Егер сіздерге керек болса, әрине. Кезекте адамдар көп болды. Кезекке тұрып, өлшемін келтірдім. Ол мектепке баратын бір балам, - деді Үкімет кулуарында Асхат Аймағамбетов.