Аймағамбетов 36 мың теңгеге не алды?

16 Тамыз 2022, 15:07
3141
Бөлісу:
Аймағамбетов 36 мың теңгеге не алды?
PHOTO

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 36 000 теңгеге не алғанын жазды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін менен ұлыма мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанымды сұрады.Ұлым мемлекеттік мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындаламыз. Жексенбі күні ұлым екеуіміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық, - де жазды министр.

Аймағамбетов 36 мың теңгеге не алды?

Ол түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болатынын, сондай-ақ мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да айтты.

Аймағамбетов 36 мың теңгеге не алды?

Жауабымды растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса салып отырмын. Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге. Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни былтырғы киімдерін балам биыл да киеді, - деді Оқу-ағарту министрі.

Министр ведомстваның 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өтті.

Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді, - деді Аймағамбетов. 

Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына дайындық үшін бір баласына қанша қаражат жұмсағанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы