Мәжіліс қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді  мақұлдады

15 Маусым 2022, 11:52
1265
Бөлісу:
Мәжіліс қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді  мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады. 

Қарастырылып жатқан заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2022 жылғы 23 мамырда Парламент депутаттары М.Құсайыновтың, Д.Әлімбаевтың, Ю.Лидің және А.Лукиннің бастамасымен енгізілді, - деп хабарлады депутат Юрий Ли.

Қарауға ұсынылып отырған заң жобаларының негізгі мақсаты қаржы (инвестициялық) пирамидалық схемаларды жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ оларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру.

 Жұмыс тобының отырыстарында заң жобасын қарау барысында жекелеген нормаларды жетілдіру мақсатында бірқатар түзетулер қабылданды, оның ішінде 217-баптың бірінші бөлігінің диспозициясының қолданыстағы редакциясын сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда санкцияларды қатайту; заң жобасының жаңа 217-1-бабының ережелерін пысықтау; «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау туралы» және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ заң жобасының тақырыбына сәйкес өзгерістерді алып тастауды қарастырады.

 «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 23-бабының 9-тармағының төртінші бөлігімен, сондай-ақ өзге де өзгерістер енгізілді. 

Сонымен қатар жұмыс тобы заң жобасын құқықтық техника нормаларына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Заң жобалары бойынша ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 7 отырысында және Қаржы және бюджет комитетінің 2 кеңейтілген отырысында талқыланды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, Парламентаризм институты, сондай-ақ бірқатар заңгер мамандар. Салыстырмалы кестелер сәйкесінше 20 және 4 қабылданған позициядан тұрады, - деп қосты депутат.

 

Өзгелердің жаңалығы