Қытайда тағы бір вирусты ауру тіркелді

2 Ақпан 2020, 11:00
3209
Бөлісу:
Қытайда тағы бір вирусты ауру тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаоян қаласының Шуанцин ауданындағы фермалардың бірінде құс тұмауы тіркелді. Әзірге бұл сырқатпен ешкім ауырған жоқ.

Қытайдың Хунань провинциясында H5N1 құс тұмауы тіркелді. Бұл туралы 2 ақпан күні Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Шаоян қаласының Шуанцин ауданында орын алған құс тұмауының тарап кетпеуі үшін 17,8 мың үй құсы жойылды.

Ведомствоның хабарлауынша, құс тұмауын жұқтырған адам тіркелмеген.

Бұған дейін Қытай шекарасынан сыртта коронавирустан бір адам қайтыс болғанын хабарладық. Өлім Филиппинде тіркелді.

Қазір Қытайда 13846 адам коронавирус жұқтырған, 304 адам қайтыс болды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың өршуін халықаралық мәні бар төтенше жағдай деп жариялады.

Өзгелердің жаңалығы