Коронавирус: Көзжұмғандар саны 300-ден асты

2 Ақпан 2020, 10:48
1638
Бөлісу:
Коронавирус: Көзжұмғандар саны 300-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 ақпанда Қытайдың денсаулық сақтау саласы мамандары Ухань қаласынан тараған коронавирустан кемінде 304 адамның көз жұмғанын хабарлады. 14 380 адам вирусты жұқтырған.

Қытайдан тыс аумақта да вирус жылдам тарап жатыр. Соңғы екі күнде Ресей, Ұлыбритания, Швеция алғашқы вирусты жұқтыру оқиғасының тіркелгенін хабарлады. Вирустың таралуын тоқтату үшін Қытайға баруға тыйым салған мемлекеттер қатары көбейді. АҚШ, Австралия соңғы екі аптада Қытайда болған азаматтардың елге кіруіне тыйым салды.

АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Алекс Азар жақында Қытайда болған "шетел азаматтарының (АҚШ-та жақындары бар немесе сонда тұрақты тіркелген азаматтардан басқасы) АҚШ-қа кіруіне тыйым салынады" деді. 

Соңғы дерек бойынша, кемінде 25 мемлекеттен коронавирус табылған. Науқастардың көбі жақында Қытайдан келген немесе Қытайдан келгендермен байланыста болған адамдар.

Өзгелердің жаңалығы