Кооператив атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыпты сотталды

2 Қараша 2023, 09:50
518
Бөлісу:
Кооператив атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыпты сотталды
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

«Елімай-2019» тұтыну кооперативінің ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғандары үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМА агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кооперативтің заңсыз қызметін ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті анықтады.

Белгілі болғандай «Елімай-2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқан. Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Спикердің сөзінше, шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы