Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды

24 Сәуір 2024, 13:49
247
Бөлісу:
Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Көкшетауда «Eolus» қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«И» және «X» азаматтары жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Eolus» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, «energyeolus.info» платформасына аударылды. Залал сомасы шамашен 10 млн теңге, - делінген хабарламада.

Сотта мемлекеттік айыптаушы бірбеткейлікті ұстана отырып, жасаған қылмыс бойынша сотталушылардын кінәсін, және де мүліктің жасалған қылмыс нәтижесінде пайда болуын дәлелдеген.

Сот үкімімен «И» және «X» азаматтары кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады!

«Baiqa, piramida!» ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады.

Өзгелердің жаңалығы