Келешекте Қаңтар оқиғасы қайталанбас үшін елге саяси реформа қажет – Ерлан Саиров

14 Наурыз 2022, 16:56
1346
Бөлісу:
Келешекте Қаңтар оқиғасы қайталанбас үшін елге саяси реформа қажет – Ерлан Саиров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров хабарлады. 

Сонымен қатар белгілі саясаттанушы бүгін өткен Мәжілістің отырысына қатысты өз пікірін ортаға салды. 

Бүгін «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының депутаттық сауалына байланысты Бас прокурор, Ішкі істер, Қорғаныс министрі депутаттардың алдына келіп, қасіретті қаңтарға байланысты тергеу амалдарының қалай жүріп жатқандығы жөнінде есеп берді. Есеп ашық болды. Біз көптеген фактілерді қайтадан қарап шықтық. Енді ең негізгі мәселе – бұл біздің мемлекеттігімізге, Қазақстан Республикасына және біздің Президентімізге қарсы қастандық жасалмақ болғаны. Астыртын әрекет осыдан жарты жыл бұрын ұйымдаса бастаған және әр түрлі арналар бойынша жұмыс істеген, - деп атап өтті мәжілісмен. 

Сонымен қатар ол мемлекетті құлатудағы теріс пиғылдылардың әрекеттерінің ең негізгісіне тоқталды. 

Соның ең негізгісі – жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан қаңтар қасіреті. Бұл жерде бүкіл кінәлілер анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасқан сайын кінәлілердің саны әлі де көбейе береді. Болашаққа  сабақ болу үшін біз осы тергеу амалдарының ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз етуіміз керек. Депутаттардың алдына қойған басты мақсаты да осы. Келешекте мұндай мәселелер болмас үшін біздің елімізде саяси реформалар жүруі керек. 16 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялайтын реформасын күтеміз, - деді Ерлан Саиров. 

Еске  сала кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова  ел Президенті өзінің сенімді әрекеттерімен бей-берекетсіздікті тоқтатып, мемлекетті сақтап қалғаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы