Омарова: Тек Президент қана өзінің сенімді әрекеттерімен бей-берекетсіздікті тоқтатып, мемлекетті сақтап қалды

14 Наурыз 2022, 12:27
1546
Бөлісу:
Омарова: Тек Президент қана өзінің сенімді әрекеттерімен бей-берекетсіздікті тоқтатып, мемлекетті сақтап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова хабарлады. 

Билікке Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрған соң саяси және өзге де реформалар жүргізіле бастады. Президент ерекше назарды адам құқығына аударды. Ал қаңтар оқиғасының негізі – билікті күшпен басып алуға тырысу болып табылды. Ал қалған қылмыстық әрекеттердің барлығы мақсатқа жетудің тәсілі ғана. Тек Президент қана өзінің сенімді әрекеттерімен бей-берекетсіздікті тоқтатып, мемлекетті сақтап қалды. Мұны атап өткеніміз жөн, - деді құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар ақпараттық дайындықты тыңғылықты жүргізген. 

Олар ақпараттық дайындықты бірнеше бағытта жүргізген деп айтуға болады. Мәселен: биліктегі Президентті қоғамның, халықтың көз алдында дискреттеу. Президент туралы жағымсыз пікір қалыптастыру үшін БАҚ, соның ішінде әлеуметтік желілер құру. Президент тапсырмаларына кейбір шенеуніктердің қасақана іріткі салуы. ҚАЖ мекемелерін радикалдандыру. Мысалы, қордайлық Есбол Жаппасов, шығысқазақстандық Ғалымжан Нақбаев сынды бизнесмендерге қатысты қылмыстық істерді алсақ, бизнесті тартып алу, - деп атап өтті адвокат. 

Өзгелердің жаңалығы