Қазақстанға жеткізілетін жанармай импорты төмендейді

28 Қыркүйек 2021, 11:40
4837
Бөлісу:
Қазақстанға жеткізілетін жанармай импорты төмендейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, республикалық Индустрияландыру картасының шеңберінде бірқатар жоба іске асырылып жатқан көрінеді.

Биыл шілде айында Шымкент қаласында қуаты жылына 57 мың тонна болатын бензинге арналған октан көтеретін қоспа шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Жобаның құны 25 млрд теңгені құрады, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Энергетика министрінің сөзінше, бүгінде зауытта 350 адам жұмыс істейді.

Жоба бензин сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жанармайдағы күкірттің үлесін төмендетуге, тиісінше оның қоршаған ортаға шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, шетелдерден жеткізілетін осы өнімнің импорты төмендейді, - деп атап өтті Энергетика министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт салынып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы