Елімізде жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт салынып жатыр

28 Қыркүйек 2021, 11:33
15498
Бөлісу:
Елімізде жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Атырау облысында мұнай-газ-химия саласында екі ірі жоба іске асырылып жатыр.

Бұл – полипропилен және полиэтилен өндіретін интеграцияланған газ-химия кешендерін салу жобалары.

Аталған жобалардың бірі бойынша құрылыс жүріп жатса, кейбірі пысықтаудың әртүрлі сатыларынан өтуде. Биыл жыл соңына дейін полипропилен өндіру зауытының құрылысын механикалық аяқтауды жоспарланып отыр. Оның қуаты жылына 500 мың тонна болмақ. Зауыт жоспар бойынша келесі жылдың І тоқсанында пайдалануға беріледі, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда жоба 91% іске асырылған. Жобаның құны шамамен 1 трлн теңгеге бағаланады.

Бұл зауыттың өнімі сыртқы әлемдік нарықтарға экспортталатын болады. Сондай-ақ полипропиленге деген ішкі қажеттілікті толығымен жабуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Энергетика министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өңірлік карта бойынша 200 млрд теңгеге 16 жоба қарастырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы