Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіргендер қанша жылға сотталады?

7 Сәуір 2021, 16:15
1727
Бөлісу:
Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіргендер қанша жылға сотталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен Business Integrity Forum-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттіктің кәсіпкерлердің құқығын қалай қорғайтындарын айтты. 

Агенттік төрағасының сөзінше, сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының азаюы байқалады. 

Соңғы үш жылда 11%-ға төмендеді, мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары мен мүдделері олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғалған, - деді ол. 

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді. 

Биылдан бастап құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіргені үшін бұрынғы екі жылдың орнына 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін бір жылдың орнына екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деп түсіндірді Шпекбаев форумда. 

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары мен судьяларға аталған құқық бұзушылықтар үшін 8 жылға дейін және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Шпекбаев форумда инвесторларды толғандыратын мәселелер туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы