Қаржы пирамидаларының жаңа түрлері жайлы не білеміз?

13 Мамыр 2021, 15:09
1658
Бөлісу:
Қаржы пирамидаларының жаңа түрлері жайлы не білеміз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар өздерінің алаяқтық схемаларын бүркемелеудің небір тәсілдерін ойлап табуда. 

Олар қандай тәсілдер екенін Қаржы нарағыны реттеу агенттігінің қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған fingramota.kz қосымшасында жазылды. 

Букмекерлерік кеңселерге бәс тігу 

Букмекерлік кеңселер – қызметі онша ашық емес ұйымдар. Олардың жұмыс істеу қағидатын түсіну қиын. Бірақ жалпы алғанда ресми букмекерлердің қызметі қисынды: бәс тіктің, ұттың не ұтылдың.

Қазір әлеуметтік желілерде ұтыстың спорттық оқиғалардың нәтижелеріне қарай емес, бәс тіккен адамдарды нақты сіздің қаншалықты көп әкелгеніңізге байланысты болатын схемаларын ұсынуда.

Яғни сізге өзіңіздің еркіңізбен тәуекелге баруды ғана емес, бұған достарыңыз бен таныстарыңызды тартуға ұсыныс жасайды. Оның орнына ұйымдастырушылар келісілген-мыс матчтар туралы ақпарат беруге, ұтыстың коэффициентін бірнеше есе көтеруге немесе тіпті жаңадан тартқан қатысушылар үшін белгілі бір соманы төлеуге уәде етеді.

Әлеуетті ұтыстың коэффициенттері мен сомалары бойынша сатылар да көрсетіледі. Басқаша айтқанда – қаржы пирамидалары.

Айтпақшы, мұндай пысықайлар негізінен әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жұмыс істейді. Олардың ең көп пайдаланатыны -Telegram.

Ресми букмекерлік кеңселердегі тәуекел көпшілік жағдайларда ықтимал ұтыстарға барабар екенін ескеру қажет. Сонымен қатар ресми букмекердің әрдайым өз қызметін жүргізуге берілген лицензиясы болады; бәс тігу кезінде ол кассалық немесе электрондық чекті және бәс тігілгенін растайтын купонды береді.

Әртүрлі чаттар мен қауымдастықтар жағдайында Сіз ақшаны бейтаныс адамдарға және, көбінесе, банк арқылы емес, терминалдар немесе төлем жүйелері арқылы аударасыз.

Оның үстіне, түрлі бонустар және тәуекел мөлшеріне сәйкес емес төлемдер әдейі жаңа қатысушыларды тарту және олар қоятын әрбір бәс тігу үшін жасалады. Сондықтан ақшаны осындай күмәнді схемаларға салмас бұрын, бәс тігіп – бір, қаржы пирамидасының құрбаны болып – екі ұтылғанды қалайсыз ба екендігін ойланып алыңыз.

2021 жылғы наурызда тәртіп сақшылары WhatsApp мессенджерінде «Бәс тігу кассасы» деп аталатын чатты анықтады, онда спорттық шараларға тиімді бәс тігу арқылы 50% кіріс алу ұсынылды. Чат әкімшісі (Тараз қаласының тұрғыны) анықталып, ұсталды. 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ақша салған 14 азамат алданып қалды. 

Криптовалюта әбігері 

Алаяқтардың криптовалютаның танымалдығы арқасында пайда табуға тырысатыны ешкімге құпия емес. Оның үстіне, әзірше мұның техникалық жай-жапсарын білетіндер көп емес.

Криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалану Қазақстан заңнамасына қайшы келетіндігін атап өтеміз. Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы теңге болып табылады. Бұл біздің азаматтарға биткоинды немесе оның ұқсас түрін өндіруге, сатып алуға немесе сақтауға тыйым салуды білдірмейді. Бірақ криптовалютаға басқаны, яғни тауарларды және қызметтерді сатып алу немесе сату мүмкін емес, себебі сатып алу-сату туралы шарттарда және басқа заң құжаттарында криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалануға болмайды. Мұндай мәмілелер заңсыз деп танылады. Сонымен биткоин төлемдерінің көбінесе жасырын болатындығын және виртуалды түрде ғана жүргізілетіндігін ескере отырып, тараптардың біреуінің міндеттемелерді орындамау тәуекелі ғана емес, сондай-ақ тікелей алаяқтық тәуекелдері айтарлықтай өседі.

Бұған қарамастан, инвесторлардың криптовалюталарға қызығушылығы күн сайын өсуде. Осындай қызығушылықты алаяқтар да пайдалануда.
Қаржы пирамидасының жаңа схемаларының біреуі «майнингке», яғни криптовалюта алуға негізделген. Сізге криптовалюталық «фермаға», демек жабдықтың бір бөлігіне салым салуды ұсынады. Сіз басқа да әлеуетті инвесторларды көп тартқан сайын көп дивидендтер мен пайда ұсынады. Бұл ретте пайда алуға кепілдік беріледі, ал кірістілік мөлшерлемесі айына 50-100%-ға жетуі мүмкін. Кез келген криптовалютаның құбылмалылығын ескере отырып, кез келген жағдайда ол бойынша шектеулі кіріс алу мүмкін емес.

Мысал келтірейік. Бір айдың ішінде монеталардың жалпы санының +10%-ы «майнингтелді» делік. Ал әрбір монетаның құны 15%-ға төмендеді. Демек, жабдық жұмыс істеді, электр энергиясы жұмсалды, ал инвестор шығынға ұшырады. Мұндай жағдай жиі кездеседі.
Демек, уәде етілген тұрақты табыс «майнингтен» және саудадан емес, күннен-күнге жаңа инвесторлар тарту арқылы қалыптасады деген қорытынды жасауға болады. Бұл жерде ешқандай «ферманың» және, тиісінше, криптовалюта өндірісінің мүлдем болмауы мүмкін.
Кез-келген қаржы операцияларын, сондай-ақ ұйымдастырушылар жиі ұсынатын биржада сауда-саттықты тек қана тіркеуден өткен, қолында лицензиялары бар ұйымдастырушылар мен брокерлер арқылы жүзеге асыру қажет екендігін тағы да бір еске саламыз.

Егер де сіз қаржы пирамидасының құрығына түсіп қалсаңыз және өз қаражатыңызды қайтарып алғыңыз келсе, онда дереу барлық құжатпен құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Пирамида құрбандарының ішінде азғантай сомадан айырылған адамдар көп кездесіп жатады. Олардың басым көпшілігі ақшасын жоғалтқанына көнеді. Бұл алаяқтардың адамдарды одан әрі алдап-арбауды жалғастыруына ықпал етеді. Егер де сізді алдап кетсе – үндемей қалмаңыз, әрекет етіңіз. Алаяқтыққа қарсы күресте ең маңыздысы – істі көпшілікке жария ету. Қазақстанда қаржы пирамидасын құру және (немесе) оған басшылық ету үшін – қылмыстық жауапкершілік (ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес); қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру үшін әкімшілік («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 150-бабына сәйкес) жауапкершілік көзделген.

Өзгелердің жаңалығы