Иранның Иран революциясы сақшылары корпусы сәрсенбі күнгі түнде жасалған зымыран шабуылының нәтижесінде Иран Израильдің әуе кеңістігін толық бақылауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы елдің IRNA агенттігі мәлімдеді.
Бүгінгі зымыран шабуылы біз басып алған аумақтың әуе кеңістігін толықтай бақылауға алғанымызды және оның тұрғындары ирандық зымыран шабуылдарының алдында қорғансыз екендігін көрсетті, - делінген мәлімдемеде.
Иран бір түнде Израильге екі рет зымыран соққысын жасаған. Израильдік зымыран соққылары туралы хабарландыру жүйесінің деректеріне сәйкес, дабыл сигналы елдің орталық бөлігіндегі ондаған қала мен елдімекенде іске қосылған.
Ирандық бұқаралық ақпарат құралдары сәрсенбінің түнінде басталған шабуыл соңғы күндердегі ең жойқын әрі ауқымды соққы болғанын жазды.
Иранның ИРСК әуе-ғарыш күштері Израильдің авиациялық базаларына соққы жасағанын айтқан. Иран революциясы сақшылары корпусы шабуылдар "үздіксіз, кешенді түрде, көпсатылы" түрде жалғаса беретінін айтты.
Иранның Қарулы күштері штабының басшысы генерал-майор Абдулрахим Мусави алдыңғы жасалған соққыларды жай ескерту деп, жойқын операциялардың әлі алда екенін атап өтті. Ол Израильдың, әсіресе Тель-Авив пен Хайфаның аудандарын тастап қашуға шақырды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежадтың қаза тапқаны туралы әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.
Белгілі болғандай, Газа секторында Израильдің әуе шабуылдары салдарынан бір тәулікте 67 адам қаза тауып, 397 адам жараланды.
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 18 маусымда Тегеран аймағында әскери шабуыл басталғанын мәлімдеді.