Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 18 маусымда Тегеран аймағында әскери шабуыл басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат ұйымның ресми Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта Израиль Әскери-әуе күштері Тегеран аймағында бірқатар соққылар жасап жатыр, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Nord News агенттігі Иран астанасы маңында жарылыстар тіркеліп жатқанын растады.
Бұған дейін ЦАХАЛ Ираннан Израильге бағытталған зымырандардың ұшырылғанын тіркегенін хабарлаған. Ел аумағында қорғаныс жүйелері белсенді жұмыс істеп, зымырандарды тосқауылдауға тырысқан.