Инфекциялық емес аурулар ел экономикасына 2,3 трлн теңге шығын келтіреді – министр

5 Сәуір 2022, 10:38
1533
Бөлісу:
Инфекциялық емес аурулар ел экономикасына 2,3 трлн теңге шығын келтіреді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті. 

Оның айтуынша, инфекциялық емес аурулар ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіріп отыр. 

Жалпы Қазақстан экономикасына инфекциялық емес аурулардан келтірілетін ағымдағы залал жылына 2,3 трлн теңгеге жеткен. Бұл елдің жылдық жалпы ішкі өнімнің 4,5%-на тең, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол инфекциялық емес ауруларды емдеуге әлем бойынша қанша қаражат жұмсалатынына тоқталды. 

ДДСҰ бағалауы бойынша  инфекциялық емес аурулардың 4 негізгі тобын емдеуге 300 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл денсаулық сақтаудың барлық бюджетінің 30%-дан астамына тең. Еңбек өнімділігінің төмендеуіне байланысты экономика үшін шығындар денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік шығындардан 6,5 есе асып түседі және жылына 2 трлн теңгені құрайды, - деді Денсаулық сақтау министрі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қант диабетіне шалдыққан қазақстандықтар саны 62%-ға өскендігі туралы жазған болатынбыз. 

Айта кететін жайт, егер 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 173-ті құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 280-ге жеткен. 

Өзгелердің жаңалығы