Қант диабетіне шалдыққан қазақстандықтар саны 62%-ға өскен

5 Сәуір 2022, 10:24
1782
Бөлісу:
Қант диабетіне шалдыққан қазақстандықтар саны 62%-ға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті. 

Оның айтуынша, елімізде созылмалы инфекциялық емес аурулар ауыртпалығының өсуі денсаулық сақтау жүйесіне де, жалпы ел экономикасына да жүктеменің ұлғаюына ықпал етіп отыр. 

Қазақстандағы барлық өлім-жітімнің 84%-ға жуығының себебі инфекциялық емес аурулар болып табылады. Соңғы зерттеу деректері бойынша инфекциялық емес аурулардың төрт негізгі тобының: жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық және қатерлі ісік аурулары мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы әйелдермен салыстырғанда  ер адамдарда  27%-ға басым болып келеді, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері.

Сондай-ақ ол тағы бір алаңдайтын мәселе – балалардың арасында артық салмақ пен қант диабетінің күрт өсуі екендігін атады.

6-9 жастағы балалардың арасында артық дене салмағының таралуы – 20,6%-ды құрайды. Яғни ұлдардың арасында – 23,6%-ға, қыздардың арасында – 17,6%-ға артқан. Оның ішінде балалардың 6,6%-ы семіздікпен ауырады. Қант диабетімен сырқаттанушылықтың 62%-ға өскені байқалады. Егер 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 173-ті құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 280-ге жетті, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы