Халықты қаржы пирамидалары қалай алдаған?

7 Ақпан 2022, 11:40
1967
Бөлісу:
Халықты қаржы пирамидалары қалай алдаған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ІІМ-нің дістүрлі брифингінде айтты. 

 «Гарант 24 Ломбард» ісіне қатысты айтар болсақ, ЖШС қызметкерлері жылжымалы және жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан 15-20%-ға жоғары бағамен сатып алу схемасын ұсынған. Оның  бастапқы төлемі 20%-ды құрады. Қызметкерлер меншік құқығын қайта рәсімдегеннен кейін жәбірленушілердің мүлкі арзанырақ нарықтық бағамен сатылды. Сондай-ақ,азаматтардан жылдық 30-40 пайызбен депозиттер қабылданғанымен, екі жағдайда да салымшыларға қаражат қайтарылмаған, - дейді Әділов. 

Сондай-ақ ол «Questra World» ЖШС жетекшілері инвестицияланған сомаға жоғары табысқа кепілдік бере отырып, инвесторларға виртуалды валютаны пайдалана отырып, 90-нан 500 мың еуроға дейінгі жалған инвестициялық портфельдерді сатып алуды ұсынғанын айтты. 

Пирамидаларды жасаушылар 100% мөлшерінде дивидендтермен қолма-қол ақша төлеу шартымен инвесторларды тартумен айналысқан мысалдар бар («Money Rain», «Brilliant Life» қаржы пирамидалары).Министрлік тергеп жатқан қылмыстық істер қазір сотта қаралып жатыр. Қылмыстың бұл түріне ерте тосқауыл қоюды ұйымдастыру қажеттілігі айқын болды. Жағдай тиімді кешенді шаралар қабылдауды талап етті, соның ішінде жедел-іздестіру, жедел-іздестіру жұмыстарының әдістері мен дағдыларын жетілдіру және басқа мемлекеттік органдармен дұрыс өзара іс-қимыл жасау, - деді ол. 

Ол атап өткендей, соның нәтижесінде бүгінде ішкі істер департаментінің қаржылық пирамидалардың жолын кесу және оған қарсы тұру жұмыстары ерекше маңызға ие болды.

 

Өзгелердің жаңалығы