Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Вирус дәрігерден анықталды.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 17:47
Бүгiн 2026, 17:47
158
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Франция Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вирус Конго Демократиялық Республикасындағы (КДР) гуманитарлық миссиядан оралған дәрігерден анықталған.

Ел аумағында Эбола вирусынан туындаған алғашқы жағдайдың анықталғаны рас, - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Министрлік өкілі AFP агенттігіне бұл жағдайдың Францияның материктік бөлігінде тіркелгенін нақтылады.

Қазіргі уақытта пациент оқшауланған. Билік науқаспен байланыста болған адамдар шеңберін анықтап, қажетті эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге, министрлік бұл аурудың Франция мен жалпы Еуропа халқы арасында таралу қаупі төмен екенін атап өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, КДР-дағы Эболаның қазіргі өршуі кезінде 1 000-нан астам адам вирус жұқтырып, көз жұмғандар саны 267-ге жеткен. ДДСҰ бұл көрсеткішті Эбола індеті тарихындағы алғашқы ай ішінде расталған жағдайлар саны бойынша ең ауқымды өршу деп бағалап отыр.

Еске салаық, бұған дейін Эбола індеті өршіп тұрғаны, 254 адам көз жұмғаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Конгода ондаған адамның өлімі тексеріліп жатыр: Эбола індетіне күдік бар

COVID-тен кейінгі ең қауіпті кезең: Конгода Эбола өршіп барады

Эбола қызбасы: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті туристерге ескерту жасады

Наверх