Эбола қызбасы: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті туристерге ескерту жасады

Санэпидемиологтар қазақстандықтарға Африкаға бармауға кеңес берді.

Бүгiн 2026, 13:33
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 13:33
Бүгiн 2026, 13:33
148
Фото: ©BAQ.KZ архиві

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эбола қызбасының елге әкелуінің алдын алу бойынша туристерге арналған ұсыным жариялады. 

Эбола қызбасы - негізінен Африка елдерінде тіркелетін, ағымы ауыр, аса қауіпті вирустық ауру. Инфекция көзі – жұқтырған жануарлар мен науқас адам. Жұқтыру қанмен, биологиялық сұйықтықтармен және ластанған заттармен байланыс кезінде болады. Инкубациялық кезеңі 2 күннен 21 күнге дейін созылады. Негізгі белгілері: жоғары дене қызуы, әлсіздік, бас және бұлшықет ауыруы, құсу, диарея, бөртпе және қан кетулер, - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі. 

Эндемиялық елдерге шығатын азаматтарға арналған ұсынымдар:

  • Эбола қызбасы тіркелген Африка елдеріне, әсіресе балалармен бірге барудан бас тарту;

  • Жабайы жануарлармен (приматтармен, жарқанаттармен) және инфекциялық ауру белгілері бар адамдармен байланыстан аулақ болу;

  • Жабайы жануарлар сатылатын базарларға бармау, тек қауіпсіз су мен термиялық өңдеуден өткен тағамдарды пайдалану, жеке профилактика және гигиена шараларын сақтау;

  • Елге оралғаннан кейін 21 күн ішінде дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бөртпе, құсу, диарея және басқа да белгілер пайда болған жағдайда — дереу медициналық көмекке жүгініп, шетелде болғаны туралы хабарлау.

Еске салайық, бұған дейін ҚР СІМ эбола өршіген Африкада қанша қазақстандық жүр деген сұраққа жауап берді

 

Наверх