Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

31 Тамыз 2020, 16:19
1727
Бөлісу:
Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның кәсіпқой бокс бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

24 қазанда Казань қаласында Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясының турнирінде менің кезекті жекпе-жегім болады. Қарсыласымның есімін жақын арада хабарлаймын, - деді спортшы.
Еске салсақ, 22 тамызда қазақстандық спортшы танзаниялық Хэппи Даудимен жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді. Алайда, бокс кешінен кейін қазақстандық боксшы әртүрлі жаңсақ сөздерге тап болып, орынсыз айыптауларға жауап берді.


Өзгелердің жаңалығы