Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты күшейту қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ол Түркістанда өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде айтты.
Ол қазіргі геосаяси дағдарыстар қорғаныс өнеркәсібін дамыту мәселесін бірінші орынға шығарып отырғанын айтты.
Палестина, Ливан, Иран, Украина және басқа да аймақтардағы дағдарыстар қорғаныс саласын күшейтіп, өнеркәсіптегі ынтымақтастықты арттыру қажеттігін көрсетіп отыр, – деді Ердоған.
Түркия президентінің айтуынша, Анкара жоғары технологияға негізделген қорғаныс өнеркәсібіндегі тәжірибесін түркі мемлекеттерімен бөлісуге дайын.
Түркия ретінде жоғары технологияға негізделген қорғаныс өнеркәсібіндегі тәжірибемізді ұйымға мүше мемлекеттермен бөлісуге дайынбыз. Ұйым аясында қорғаныс өнеркәсібі мекемелерінің тұрақты кездесулерін өткізуді маңызды деп санаймыз, – деді ол.
Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде үлкен серпіліс жасағанын да атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі соғыстар дәстүрлі қарулардан гөрі технологиялық жүйелердің маңызын айқын көрсетті.
Президент Орта дәліздің стратегиялық рөліне де тоқталып өтті.
Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдай дәлелдегендей, Орта дәліз бастаған Түркі әлемін өзара байланыстыратын көлік жобалары әлі ұзақ жылдар бойы басым бағыт болып қала береді, – деді Түркия басшысы.
Еске салайық, Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен түркі мемлекеттері көшбасшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді.
Президент Қазақстанда «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітілетінін айтты.
Тоқаев Turkic AI орталығы ашылатынын хабарлады.
Саммитте Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық база жасалатыны айтылды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік кәсіпкерлерге, инвесторларға және білікті мамандарға арналған «алтын виза» енгізудің себебін түсіндірді.
Түркі әлеміне ортақ AI моделі жасалуы мүмкін.