Түркі әлеміне ортақ AI моделі жасалуы мүмкін

Сондай-ақ ол ортақ түркі әліпбиін цифрлық кеңістікке енгізуді ұсынды.

 Ақорда Бүгiн 2026, 17:11
Бүгiн 2026, 17:11
126
Фото: Ақорда

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы аясында киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, цифрлық трансформация жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптерді де алып келіп отыр.

Жасанды интеллект технологиялары алып келетін жаңа қауіптерге сақ болуымыз қажет. Деректер базасына және ұлттық маңызды инфрақұрылымдарға бағытталған жаңа буын қатерлер цифрлық трансформация кезінде аса мұқият қарауды талап етеді. Қазіргі әлемде киберқауіпсіздік құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі қауіпсіздік сияқты өмірлік маңызға ие, – деді Ердоған Түркістанда өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде.

Түркия басшысы келесі төрағалық кезеңінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы киберқауіпсіздік бойынша үйлестіру мен ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Сонымен қатар ол цифрлық саладағы халықаралық әділет мәселесіне де тоқталды.

Дамыған елдер мен ең аз дамыған мемлекеттер арасындағы цифрлық алшақтықты азайту – біздің ұстанымымыздың негізі болуы тиіс, – деді Түркия президенті. Ердоған ортақ түркі әліпбиін цифрлық кеңістікте пайдалану маңызды екенін айтып, жасанды интеллект негізіндегі түркі тілі моделін әзірлеуді қолдайтынын жеткізді. – Ортақ тіліміздің байлығын цифрлық әлемде айқындайтын түркі тілі моделін және соған ұқсас жасанды интеллект негізіндегі жобаларды қолдау қажет деп санаймыз, – деді ол.

Еске салайық, Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен түркі мемлекеттері көшбасшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді.

Президент Қазақстанда «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітілетінін айтты. 

Тоқаев Turkic AI орталығы ашылатынын хабарлады

Саммитте Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық база жасалатыны айтылды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік кәсіпкерлерге, инвесторларға және білікті мамандарға арналған «алтын виза» енгізудің себебін түсіндірді.

 

Наверх