Қазақстанда «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітіледі – Президент

Алдағы уақытта еліміздің цифрлық даму бағдарын айқындайтын «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітіледі.

 Ақорда Бүгiн 2026, 16:12
Бүгiн 2026, 16:12
225
Фото: Ақорда

Қазақстанда «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде мәлімдеді.

Алдағы уақытта еліміздің цифрлық даму бағдарын айқындайтын «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітіледі. Таяуда Алматы қаласында тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылды. Бұл бастама БҰҰ аймақтық экономикалық және әлеуметтік комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылады. Тілектестік танытып, осы жобаның тең авторлары ретінде мол үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтамын, - деді Мемлекет басшысы саммиттің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Айтуынша, наурыз айында Түркі елдері сарапшыларының қатысуымен Шымкент қаласында жасанды интеллект және цифрлық даму халықаралық конференциясы өткеніне де тоқталды.

Бұл іс-шара елдеріміздің осы саладағы ынтымақтастығын айқындады, - деді Президент.

Еске салайық, Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен түркі мемлекеттері көшбасшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді.

Наверх