«Eolus» қаржы пирамидасы. 10 өңірде тергеу жүріп жатыр

9 Қараша 2023, 10:13
480
Бөлісу:
«Eolus» қаржы пирамидасы. 10 өңірде тергеу жүріп жатыр

Еліміздің 10 өңірінде «Eolus» компаниясының атымен қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.

«Eolus» компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінің дәлелі ретінде, ұйымдастырушылар «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өздерінің қылмыстық іс-әрекетіне тартқан. 

Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5% - ға дейін пайда алады. 

Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4%-ы төленеді. Осылайша, сыйақы сомасы жылдық 3000%, ал Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі жылдық 16% көрсетуде. 

Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдайды, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізеді. Соңында криптошелек арқылы «energyeolus.top». платформасындағы өз шотына аударады 

Тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 млн теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген.

Өзгелердің жаңалығы