Елжан Біртановты үйқамаққа алу мерзімі ұзартылды

22 Ақпан 2021, 16:28
2505
Бөлісу:
Елжан Біртановты үйқамаққа алу мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот экс-министрді қамауға алу мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты.

Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановты үйқамаққа алу мерзімін ұзартты, деп жазды tengrinews.kz.

Тергеу 2021 жылдың 12 ақпанында үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешімді ертерек бастады, сот қамауға алу мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты, - деді адвокат Дмитрий Куряченко.  

Біртановтың адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Біртановты заңсыз қудалауды анықтау туралы өтінішпен» жүгінгенін де жеткізді.

Еске сала кетейік, Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. 

Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды.

Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. 

2020 жылдың қараша айында Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты.
 

 

2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпан айының соңына дейін ұзартты.

Өзгелердің жаңалығы