Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

20 Қаңтар 2021, 16:26
1766
Бөлісу:
Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамағында ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы күдіктінің адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, деп жазды BaigeNews.kz.

Кеше сот отырысы өтті. Онда Біртановты қамауға алу төрт айға дейін ұзартылды. Ақпанның аяғына дейін үйқамақта болады, - деді Куряченко. 

Бұған дейін Елжан Біртановтың 7 қарашада үй қамағына ауыстырылғаны хабарланған болатын. Оның алдында 3 қарашада сот Елжан Біртановты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция бергені белгілі болды. Қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметі Біртановқа бюджет қаражатын ерекше ауқымда жұмсау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады. 

Елжан Біртанов 2017 жылдың 25 қаңтарынан бастап еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметін атқарды. Ол 2019 жылдың 25 қыркүйегінде қайта тағайындалды. Соның алдында Денсаулық сақтау вице-министрі болып 2008 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың сәуіріне дейін және  2015 жылдың қарашасынан 2017 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы