Елордалықтарды сан соқтырған қаржы пирамидасының басшылары сотталды

15 Наурыз 2024, 12:11
1131
Бөлісу:
Елордалықтарды сан соқтырған қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Фото: Нұркен Алишев - архив

Елордада "Best road Investment" қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеді. Пирамиданың мәніне сәйкес, «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып артынан екі салымшыны тартып керек. Ал олардың әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруға тиіс. 

Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 млн теңгеден астам қаражатты құраған. Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді, - делінген ведомство хабарламасында.

Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді.

Айта кетейік, қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұйымдарға жарна салудан бас тартуға шақырады. 

Өзгелердің жаңалығы