Елорда ауруханаларындағы жансақтау бөлімінің жартысынан астамы толық – Ажар Ғиният

25 Қаңтар 2022, 10:13
1717
Бөлісу:
Елорда ауруханаларындағы жансақтау бөлімінің жартысынан астамы толық – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Оның айтуынша, жыл басталғалы індет күрт өскен.

Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр. Коронавирус инфекциясының күрт өсуі республикадағы инфекциялық ауруханалардың толуына әсер етті. Соңғы айда инфекциялық төсектерді қамту 18%-дан 38%-ға дейін 2,1 есеге ұлғайды, - деді еліміздің бас дәрігері.

Сондай-ақ министр төсек-орын қорының толуына тоқталды.

Төсек қорының 50%-дан астамы аурулармен қамтылуы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстарында анықталып отыр. Елордадағы реанимациялық төсектердің 50%-дан астамы толық, - деді Ажар Ғиният.

Естеріңізге сала кетейік, Министр пандемия басталғалы елімізде індеттің тәуліктік тіркелуі рекордтық көрсеткішке жеткенін, коронавирус жағдайында балалар қалай білім алып жатқанын, «көк» мәртебесі барларға бірқатар жеңілдік берілгенін, елде 10 млн-ға жуық адам індетке қарсы вакцина алғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы