Ashyq. «Көк» мәртебесі барларға бірқатар жеңілдік берілді

25 Қаңтар 2022, 09:46
1244
Бөлісу:
Ashyq. «Көк» мәртебесі барларға бірқатар жеңілдік берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Оның айтуынша, эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан «көк» мәртебесі барларға бірқатар жеңілдік қарастырылған.

«Көк» мәртебесі болған кезде отельдерге, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға,  білім беру ұйымдарына, СПА- орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеулерсіз кіруге рұқсат етіледі, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар «көк» мәртебесі бар келушілердің кіруіне рұқсат берілген бірқатар  объектілер үшін «жасыл» аймақта шектеулер алынып тасталады.

Сондай-ақ «сары» аймақта – 70%-ға дейін, қызыл аймақта – 60%-ға және дейін мейрамханалар, мәдени объектілер, балалар мен ересектер үшін ойын және ойын-сауық орындары бойынша толымдылық ұлғайтылды. Елімізде пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық салаларында карантиндік шаралардың мұндай кең ауқымды жеңілдіктері болған жоқ, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Өзгелердің жаңалығы