Қазгидромет 7 қаңтар күні болатын ауа райына болжамды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан аумағына әсер еретін Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктер ауа райына өзгерістер әкеледі. Сонымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде елдің шығысында қалың қар жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.