Елімізде бір шақырым жолды қалпында ұстауға жылына қанша млн кететіні белгілі болды

7 Қыркүйек 2022, 11:48
2956
Бөлісу:
Елімізде бір шақырым жолды қалпында ұстауға  жылына қанша млн кететіні белгілі болды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев «Желмая» жобасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бізде салынған жолдың бір шақырымын қалпында ұстап тұру үшін жылына 2 млн теңге бөлінеді екен. Оған адамдардың жалақысы, қойылатын белгілер, қалпында күтіп ұстау, қоқыстан тазарту жұмыстары кіреді. Ал басқа елдермен салыстырсақ, Беларусь мемлекетінде 12 млн теңге, Ресейде 12 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Есептеп қарасаңыз, біз ақшамызды беріп, жолды салуын саламыз. Оны күтіп ұстауға бөлінетін нормативіміз төмен. Сол 2 млн-ның өзін 30% төмен қаржыландырамыз, - деп түсіндірді басқарма басшысы. 

Айтуынша, жолдардың ұзақ қызмет етуі үшін мердігерлерге қойылатын талап күшейтілуі тиіс. 

Дұрыс күтпесек, жолдарымыз тозбағанда қайтеді? Қазір мердігерге ұзақ мерзімге келісімшарт берейік деп жатырмыз. 5 жыл кепілдік мерзімі бар және 15 жыл бойы өзі қызмет көрсететін шарт қойылады. Осылай жасасақ, салып жатқан кезде ол сапасына көңіл бөледі. Себебі 10 жыл өзі қызмет ететін болған соң жұмысты дұрыстап орындайды, - деді Мейірхат Қасымбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасымбаев салынған жолдарға қанша жыл мерзімге кепілдік берілетіні туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы