Жол салғанда оған қанша жылға кепілдік беріледі?

7 Қыркүйек 2022, 11:33
1080
Бөлісу:
Жол салғанда оған қанша жылға кепілдік беріледі?

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев «Желмая» жобасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сондай-ақ ол жолдың сапасына, яғни жаңадан салынған жолдардың айналдырған 2-3 жылдың ішінде неліктен тесіліп қалуына тоқталды. 

Жолдың сапасына келер болсақ, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Ақшаның соңынан жүгіріп, жол сапасына мән бермеген мердігерлер де болды. Халықтың айтып жатқан уәжі дұрыс, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Сонымен қатар компания төрағасы жолдың сапасына қанша жыл кепілдік берілетінін айтты. 

Жол салынған соң оған 5 жыл мерзімге кепілдік беріледі. Қазіргі заңнамадағы өзгерістерге сай ай сайын өздерінің жоспарын бетке алып, сапасын да назардан тыс қалдырмас үшін мердігермен келісе отырып, айыппұл мөлшерін белгілейік деп отырмыз. Бұрын біз былай жасайтынбыз. Мемлекеттік органның бір басшысы келіп, мен мына жолды ашам десе, оның сапасына қарамай, жол ашылатын. Қазір мердігерге келісімшарт бар, ол 3 жылға берілген, 5 жылға кепілдік бар. 3 жылға жоспарыңызды беріңіз. Бірақ мердігерге ай сайын жоспарынан ауытқыса, әр айда айыппұл салынады. Қазір осындай өзгерістер енгізіледі, - деді Мейірхат Қасымбаев.

Өзгелердің жаңалығы