#Желмая. «ҚазАвтоЖол» қысқа дайын ба, жол сапасы, маңызы бар жолдар 100% қашан дайын болады?

6 Қыркүйек 2022, 10:15
37103
Бөлісу:
#Желмая. «ҚазАвтоЖол» қысқа дайын ба, жол сапасы, маңызы бар жолдар 100% қашан дайын болады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

#Желмая жобасының бұл жолғы кейіпкері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖолдың»  «қолын» байлап тұрған дүниелер бар ма? Жол салғанда оған қанша жыл кепілдік береді? «ҚазАвтоЖолдың» қысқа дайындығы қандайлық? 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың барлығы 100 пайыз аяқтала ма? 30 жылда берілген уәденің барлығы орындалды ма? Жаңбыр жауып тұрғанда жол төсеу заңды ма? Жол сапасына байланысты халықтың айтып жатқан уәжі дұрыс па?

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов болды.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы