Саясат Нұрбек жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

22 Тамыз 2023, 12:06
963
Бөлісу:
Саясат Нұрбек жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Үкімет кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерге арналған жатақхана мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр Алматы қаласында студенттерге 12 мың орын тапшы екенін айтады.

Астана, Алматы және Шымкент қаласында арнайы резервтік қорлар пысықталды. Яғни жатақханасыз қалған балаларға біз бөлек 50-60 шақты орындарды дайындап қойдық. Алматы қаласында арнайы ахуалдық орталық ашылды. Сондай-ақ әр оқу орынның негізінде ахуалдық орталықтар ашылды, – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзінше, ең көп тапшылық басқа қалалармен салыстырғанда Алматыда байқалады. Ол бұл мәселе бойынша жергілікті әкімдікпен байланыста екенін атап өтті.

Басқа өңірлерде тапшылық жоқ, тіпті, жағдай керісінше болып жатыр. Қазіргі таңда Алматы қаласының оқу орындары 100-ге жуық хостелмен келісімшартқа отырды. Яғни, университтер арнайы қор жасап жатыр. Сондықтан мәселе толығымен шешілді деп айтуға болмайды. Мәселе 2-3 жылдың ішінде шешілуі тиіс, – деді ведомство басшысы.

@baq.kz_ Жатахана мәселесі: Былтырғы тапшылық қайталанбай ма? #baqkz #жатақхана #депутат #мәселе #бақкз ♬ оригинальный звук - baq_kz
Өзгелердің жаңалығы