Еліміздің Туы еңкейді

28 Желтоқсан 2019, 12:01
3031
Бөлісу:
Еліміздің Туы еңкейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының ортасында орнатылған Мемлекеттік Ту Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандарды аза тұту күніне орай төмен түсірілді.

Қазақстанның ең үлкен туы елорда орталығында "Атамекен" этно-мемориалдық кешені аумағында орнатылған. Оның ресми ашылуы он жыл бұрын елорда күнін мерекелеу аясында өткен болатын. Тудың көлемі – 450 шаршы метр, ал салмағы 100 килограмм тартады. Ені 15, ұзындығы 30 метрлік елдің бас туы жай күндері 111 метр биіктікке көтеріледі. 1991 жылдан бастап Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан тарихында ұлттық аза тұту күні сегіз рет жарияланды.

Бұл Мемлекеттік Тудың Тәуелсіздік жылдарындағы 8-реткі төмен түсуі.

2006 жыл 22 қыркүйек. Ленин (Шахтинск) атындағы шахтадағы қайғылы жағдай. 41 кенші қаза болған еді.

2008 жылы 14-16 қаңтар. "Абай" шахтасында метан жарылысы. 30 адам бұл өмірмен қоштасты.

2010 жылы 16 наурыз. Қызылағашта су тасқыны. 43 адам қаза тапты.

2012 жыл 5 маусым. Арқанкергендегі қанды оқиға (Челах оқиғасы). 14 шекарашының өмірін жалмады.

2012 жылы 27 желтоқсан. Шымкентте ұшақтың құлауы. 27 әскери келмес сапарға аттанды.

2013 жыл 31 қаңтар. SCAT компаниясының ұшағы апатқа ұшырауы. 21 адам - 16 жолаушы және бес экипаж мүшесі қаза болды.

2016 жыл 9 маусым. Ақтөбедегі лаңкестік. 8 адам қаза тауып, 18 лаңкестің көзі жойылды.

2019 жылы 28 желтоқсан. BekAir ұшағының апатқа ұшырауы. 12 адам өмірден өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы