Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне скринингтен өтудің жаңартылған ережелері енгізілуде. Енді жоғары қауіп тобындағы азаматтар өкпе рагына (обырына) тегін тексеріледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығынан белгілі болғандай, бұл тексеруден 50 мен 70 жас аралығындағы адамдар өте алады.
Мұндай скринингті дәрігерлер екі жылда бір рет жүргізеді.
Бұдан бөлек, Қазақстанда В және С вирустық гепатиттеріне тексеру бағдарламасы кеңейтіледі. Сөз созылмалы вирустық гепатитпен есепте тұрмаған және жүктілік бойынша тіркеуде жоқ 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер туралы болып отыр.
Бұл тексеру үш жылда бір рет өтуге есептелген.
Нәтижелер сандық медициналық жүйеге енгізіледі. Ауытқулар анықталған жағдайда пациент екінші кезеңге жіберіледі, содан кейін соңғы диагноз қойылады.
Медициналық ұйым мәліметтерді сандық медициналық жүйеге енгізеді. Егер скрининг кезінде ауытқулар анықталса, дәрігер осы жүйе арқылы пациентті тексерудің екінші кезеңіне бағыттайды.
Содан кейін дәрігер соңғы диагнозды қойып, ары қарай бақылау бойынша ұсыныстар береді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда темекі шегетіндер азайып келе жатқаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматы базарларында сатылған арзан темекіден қауіпті хлор мөлшері табылды
Елге 150 мың қорап темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Түркістанда заңсыз темекі цехтарының жолы кесілді