Ұшақта шылым шеккен шетелдік айыппұл төледі

9 Қыркүйек 2026, 16:26
АВТОР
 gov.kz 9 Қыркүйек 2026, 16:26
9 Қыркүйек 2026, 16:26
147
Фото: gov.kz

Елордалық әуежайда рейстен 38 жастағы Ұлыбритания азаматы түсірілді. Оның тәртіпсіздігі туралы полицейлерге әуе кемесінің командирі шағымданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік полициясының қызметкерлері ер адамның ұшақ дәретханасында электронды темекі шеккенін анықтады. Құқық бұзушы тыйым мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын елемеген.

Нәтижесінде британдық жауапқа тартылып, оған 50 АЕК (216 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары биыл әуе рейстерінен түрлі құқық бұзушылықтар үшін 254 жолаушыны түсірген. Оқиғалардың көп бөлігі ішімдік ішуге және қоғамдық орындарда мас күйінде жүруге тиесілі (193), сондай-ақ ұшақта темекі шеккені үшін 40 адам ұсталды.

«Әуе кемесінің бортында кез келген темекі және никотин өнімдерін, соның ішінде электронды темекі мен вейптерді шегуге қатаң тыйым салынады. Бұл құқық бұзушылық ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады», - деп атап өтті Көліктегі полиция департаментінде.

Еске салайық, бұған дейін әзілдегісі келген зейнеткер Алматы-Ақтау рейсінен түсіріліп, жауапқа тартылды.

Тағы оқи отырыңыз:

«Жүктімін» деп анықтама жасатқан әйел қамауға алынып, 5 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жүргізуші куәлігін таныстары арқылы әперуге уәде берген астаналық сотталды

Мемлекеттік бағдарламамен «үй алғысы келген» ақтөбелік 10 млн теңгесінен айырылды

Наверх