ДКО. Екінші алтын. Балуандарымыздың бәрі жүлдегер

2 Қазан 2022, 20:42
2733
Бөлісу:
ДКО. Екінші алтын.  Балуандарымыздың бәрі жүлдегер
PHOTO

Түркияда өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 6 салмақ дәрежесі бойынша балуандар ел намысын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ДКО. Екінші алтын.  Балуандарымыздың бәрі жүлдегер

Ұлттық құрама сапында "Қазақстан Барысы" Мақсат Исағабылов, Әлем кубогінің жеңімпазы Еламан Қойшыбаев, әлем чемпионы Марат Нығматуллаев бар. Сонымен қатар биыл алғаш рет ДКО-да қазақ күресінен қыздарымыз сынға түсті. Олар – Рауза Нұрмұхамметова, Зарина Сарипова, Мөлдір Азамат. 

ДКО. Екінші алтын.  Балуандарымыздың бәрі жүлдегер

Көшпенділердің халықаралық жарысына қазақ күресінен әлемнің 19 елінен 61 спортшы келген, оның ішінде 19 бұрымды балуан. 

ДКО. Екінші алтын.  Балуандарымыздың бәрі жүлдегер

Бүгінгі додада қазақ күресінің 6 балуаны да жүлделі орыннан көрінді. Бұған дейін Марат Нығматуллаев (60 келі) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салғаны туралы жазған болатынбыз.

ДКО. Екінші алтын.  Балуандарымыздың бәрі жүлдегер

Ал қыздар арасында 65 келіде қарсыластарына дес бермеген Зарина Сарипова ел қоржынына екінші алтынды салды.

ДКО. Екінші алтын.  Балуандарымыздың бәрі жүлдегер

Мұнан бөлек, 80 келіде Қойшыбаев Еламан пен 55 келіде есе жібермеген Рауза Нұрмұхамметова күміс жүлдеге ие болды. 

ДКО. Екінші алтын.  Балуандарымыздың бәрі жүлдегер

80 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шыққан "Қазақстан Барысы" Мақсат Исағабылов пен қыздар арасында 65 келіден жоғары салмақта белдескен Мөлдір Азамат қола жүлдені қоржынға салды.

ДКО. Екінші алтын.  Балуандарымыздың бәрі жүлдегер
Өзгелердің жаңалығы