Демография медицинадан басталады – профессор

1 Қараша 2019, 12:31
2590
Бөлісу:
Демография медицинадан басталады – профессор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Акушер-гинеколог дәрігерлер жаңа өмірдің дүниеге келуіне көмектесіп, бала мен ана өмірі үшін жауапты болады. Бұл туралы Қазақстанның акушер-гинеколог дәрігерлері Ұлттық қауымдастығының президенті, қоғам қайраткері, профессор Нина Каюпова Алматыда өтіп жатқан конференция кезінде айтты.

Жиын барысында ол, 1990 жылдан бастап біздің ел демографиялық дағдарысқа түскенін, алайда ана мен баланы қорғау мемлекеттік саясатының арқасында 2000 жылдан бастап демографиялық дамудың жағымды көрсеткіші тұрақты түрде сақталып келе жатқанын айтты.
Сонымен бірге елімізде жас алшақтығына қатысты демографиялық сәйкестік жоқ. БҰҰ-ның мәліметінше, Қазақстан қартаюшы елдер қатарына жатады. Сондықтан медициналық қызметтің барлық түрі Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға бағытталып отыр, - деді ол.
Сөз арасында ол, еліміздегі акушер-гинекологтар қазіргі таңда репродуктивті медицинада қызмет етіп жатқанын жеткізді.
Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" осыдан алты жыл бұрын репродуктивті технологияны қолданудың тұжырымдамасын жасап шықты. Сондағы бір тармақ әйел бедеулігінің эпидемиологиясын зерттеуге арналды. Онда әйел бедеулігінің ұлттық тіркеуін жасау қарастырылған. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық бағдарлама аясында біздің ғылыми орталық әйел бедеулігі эпидемиологиясының негізін қалады. Оның барлығы қазіргі заманның сұранысынан туындап отыр, - дейді профессор.
 
Бұған дейін Алматыда бедеулікті емдеуге арналған халықаралық конференция өтіп жатқанын хабарлағанбыз.


Өзгелердің жаңалығы