COVID-19. Бейжіңде мектептер мен университеттер жабылды

17 Маусым 2020, 10:02
1400
Бөлісу:
COVID-19. Бейжіңде мектептер мен университеттер жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің сейсенбі күні қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайларға ден қою деңгейін үшінші орыннан екінші орынға көтерді. Бұл туралы қала үкіметіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлайды.

Шара сәрсенбі күні таңертең күшіне енеді. Қаланың бастауыш, орта және жоғары оқу орындары сабақты уақытша тоқтатады. Бұдан басқа, Қытайдың басқа өңірлерінен келетін туристік топтардың Бейжіңге баруына тыйым салынады. Эпидемиологиялық қауіп деңгейі жоғары аудан тұрғындарына қаладан шығуға болмайды. Қалада мәдени-бұқаралық, ойын-сауық және спорттық іс-шараларды өткізу тоқтатылды.

Өткен аптада Бейжіңнің оңтүстігінде орналасқан Фэнтай ауданындағы ең ірі "Синьфади" көтерме сауда нарығында COVID-19 инфекциясы тіркелді. Содан бері 100-ден астам вирус жұқтырған адам анықталды, олардың көпшілігі сауда нүктелерінің қызметкерлері, олардың туыстары мен жақындары.
Өзгелердің жаңалығы