Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне берді

19 Қазан 2023, 14:47
649
Бөлісу:
Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне берді
VIDEO

ҚМА Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын қабылдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қаражанбас Северный» кен орны мемлекет меншігіне өтті. Оның өндірістік параметрлері - құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. 

Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық. 

Сонымен қатар құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамды құрайды. Бұл нысандардың барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді. Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен, оның ішінде шетелден алынған активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда, - деді ҚР ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Еске салсақ, Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарып, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударған еді. 

Өзгелердің жаңалығы